«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лесное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13 желтоқсан күні мектепте бірыңғай ақпараттық күн болып жарияланды.

14.12.2019

13 желтоқсан күні мектепте бірыңғай ақпараттық күн болып жарияланды. Таңертеңгі линейка 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға арналған линейкадан басталды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. А. Архипова оқушыларға 33 жыл бұрын Алматыда Желтоқсан айында белгілі қазақ жастарының митингісі болғанын, 17 желтоқсан күні Алматыда жаппай толқулар басталғанын айтты. Толқулар кейін республиканың басқа қалаларына көшті. 18 желтоқсан-қазақ жастарының жаіңа үкімітке қарсылығы  қатты болды. Наразылықтарды басқаннан кейін жүздеген адам жоғары оқу орындарынан шығарылды, жұмыстан босатылды. Кеңес режиміндегі қуғын-сүргінге ұшыраған желтоқсан оқиғасына қатысушылардың нақты саны белгісіз болып қалды. Әр түрлі мәліметтер бойынша, демонстрацияға қатысушы 10-нан 150-ге дейін қаза тапты. 1991 жылдың 12 желтоқсанында ҚР Президентінің 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды оңалту туралы Жарлығы шықты. Қазақстандағы желтоқсан оқиғалары КСРО-да орталық диктатына қарсы жаппай митингілердің алғашқылардың бірі болды, кейін осындай оқиғалар Кеңес Одағының басқа да ұлттық республикаларында да болды. Алматыда Желтоқсан алаңында «Тәуелсіздік таңы» («Рассвет Независимости») монументі тұрғызылып, жыл сайын желтоқсан айында қаза тапқандарды еске алу құрметіне мемлекеттік қайраткерлер, сол оқиғаларға қатысушылар мен жастар ұйымдарының мүшелері монументке гүл шоқтарын қояды.

Шейіт болғандардың рухын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Просмотров: 509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст