Қызмет көрсету туралы шарт
№13 2024-01-05
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Ережелер атынан Басшысы Абенова Арай Оралтаевна бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын "Кооператор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Устав негізінде әрекет ететін Басшы Килкариди Георгий Николаевич екінші тараптан, көрсетілетін қызметтіі таңдау жөніндегі п.80 правил организации питания обучающихся. Заключение договора на последующий финансовый год (продление). конкурстың қорытындылары туралы жылы жасалған хаттама негізінде қызмет көрсету туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
1 Шарттың мәні
- Өнім беруші Қызметті оның ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмада көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және бағалар бойынша көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметті қабылдауға және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда осы Шарттың талаптарында ол үшін ақы төлеуге міндеттенеді:
ерекшелігі бойынша 082-015-163 Услуги по организации обеспечения питания детей из малообеспеченных семей обучающихся в организациях образования Сандыктауского района;
- Төменде келтірілген құжаттар мен онда айтылған шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
- осы Шарт;
- техникалық тапсырма;
- Шартты орындауды қамтамасыз ету.
- Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:
- «Дүлей күш (Форс-мажор)» – төтенше және тойтаруға болмайтын оқиғалар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Мұндай оқиғаларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың нарықта болмауы жатпайды;
- «Көрсетілетін қызмет» – өндіріс процесін және тауарлар мен аспаздық өнімдерді өндіруді қосқанда, орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұсыну;
- «Тапсырыс беруші» – орган немесе орта білім беру ұйымы;
- «Өнім беруші» – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін жеке тұлға немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
- «Шарт» – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында жасалған, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған
барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық
құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
- «Шарттың бағасы» – Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төлейтін сома.
Тараптар осы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса, жауапкершілік алмайды.
2 Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
- Шарттың жалпы сомасы 20 400 000.00 (жиырма миллион төрт жүз мың тенге нөл тиын) теңгені құрайды және қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстарды, ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарттың сомасы).
- Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт «Бағдарламаның коды мен атауы» бюджеттік бағдарламасы, «Кіші бағдарламаның коды мен атауы» кіші бағдарламасы,
«Ерекшелік коды мен атауы» - Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт
082 Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру бюджеттік бағдарламасы, 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен кіші бағдарламасы, 163 Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары ерекшелігі бойынша - 20 400
000.00 (жиырма миллион төрт жүз мың тенге нөл тиын) ҚҚС есепке алмағанда 2024 жылы тіркеуге жатады. теңге ерекшелігі бойынша , «оның ішінде ҚҚС» «ҚҚС сомасы» теңге/ «ҚҚС есепке алмағанда» 2024 тіркеуге жатады.
- Көрсетілген қызмет үшін төлемді Тапсырыс беруші көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару «төлем шарты» арқылы жүргізеді. Қызмет көрсету актісінің нысанын Өнім беруші Тапсырыс берушімен алдын ала келіседі.
- Көрсетілетін қызметтердің көлемі сандық және құндық мәнде техникалық тапсырмада айтылған.
3 Тараптардың міндеттемелері
- Өнім беруші:
- Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісті орындалуын қамтамасыз етуге;
- Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттамада, техникалық тапсырмада көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
- Шарттың талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндетті. Көрсетілген ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуі тиіс;
- Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
-
Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
- Өнім берушінің Шарт талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз әрекеттерден туындаған өзіне келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге;
- көрсетілген қызметтер актісін ресімдеуге және Тапсырыс берушіге жіберуге;
- Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот- фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазып беруге міндеттенеді.
- Өнім беруші Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін төлемді талап етуге құқылы.
- Тапсырыс беруші:
- қызметтер көрсету үшін Өнім беруші мамандарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
- көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;
- қызметті қабылдау кезінде Көрсетілген қызмет актісіне қол қоюға не оның қабылданбауының дәлелді негіздемелерін көрсете отырып қабылдаудан бас тартуға;
- көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
- осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
- Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтердің сапасын тексеруге құқылы.
4Қызметтердің техникалық тапсырмаға, конкурстық өтінімге сәйкестігін тексеру
- Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкестігі мәніне бақылау және тексеру жүргізе алады. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өздерінің өкілдері туралы уақтылы жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.
- Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін Қызметтер техникалық тапсырмада, конкурстық өтінімде көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе одан жоғары болуы тиіс.
- Егер тексеру кезінде көрсетілген қызметтердің нәтижелері конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші тексеру сәтінен бастап он жұмыс күндер ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығынсыз конкурстық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шаралар қабылдайды.
- Жоғарыда көрсетілген бірде-бір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
5Қызметтер көрсету
- Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шартта көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырыОлсаыдқыұж. ат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан
- Қызмет Өнім беруші техникалық тапсырмада көрсетілген талаптарға дәл сәйкес келетін қызметті Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда көрсетілген болып есептеледі.
6Кепілдік
- Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне кепілдік береді.
- Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талаптар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті, содан кейін Өнім беруші Тапсырыс беруші хабарламада белгілеген мерзімде осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, кемшіліктерді өз есебінен жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.
7Тараптардың жауапкершілігі
- Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
- . Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында секвестрлеу және/немесе ақша жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта көрсетілген мерзімде оған тиесілі қаражатты төлемесе, онда Тапсырыс беруші Өнім берушіге кешіктірілген әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-ынан аспауы тиіс.
- Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
- Өнім беруші Шарт бойынша қызмет көрсету мерзімі аяқталған күннен бастап бір айдан астам мерзімге қызмет көрсетуден бас тартқан немесе қызмет көрсету мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірақ Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу мерзімінен кешіктірмей, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
- Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
- Өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін біреуге толық не ішінара бермеуі тиіс.
- Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
- Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындОасуыықнұажаәтк«еЭплсекотғраотныдынқісқ-ұәжраеткжеәтнтееэрлежкатрсоанудыынқацижфорллыбқеқроіллтмаңебйадті.уралы» Қазақстан
- Өнім беруші қызметтерді сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші Жосықсыз өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес өнім берушінің міндеттемелерді бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай өнім берушіні балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді жосықсыз жеткізуші деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.
8Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары
- Шарт «Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін» күшіне енеді және 2024-12-31 жылы әрекет етеді.
- Шарт тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде екі рет кейінгі қаржы жылдарына ұзартылады.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен қамтамасыз етілетін білім алушылардың саны өзгерген жағдайда қолданыстағы шартқа қосымша келісім жасалады.
- Егер өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, тапсырыс беруші өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта біржақты тәртіппен Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарт талаптарын орындаудан бас тарту дереу жүзеге асырылады және егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту зиян келтірмесе немесе тапсырыс берушіге қойылған немесе кейіннен қойылатын іс-әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға қандай да бір құқықтарды қозғамаса, тапсырыс беруші өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттеме алмайды.
- Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде Өнім беруші Шарттың бұзылуына байланысты бұзылу күніне жұмсалған нақты шығындар үшін ғана ақы төлеуді талап етуге құқылы.
- Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
- егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде қызметтер көрсете алмаса;
- егер Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса, оның ішінде конкурс кезінде көрсетілген ас блогы қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамы сәйкес келмесе;
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүргізілген тексеріс нәтижелерімен расталған мектептегі асханада қызметтерді жеткізушінің кінәсінен балалардың, ересектердің улану фактісі болса, Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір басқа санкцияларға залал келтірмей, Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.
- Шарт:
1) конкурсқа қатыса отырып, Қағидаларда көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған;
2) конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы Өнім берушіге Қағидаларда
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан
көзделмеген көмек көрсеткен;
3) уәкілетті орган конкурс қорытындыларына (нұсқама, хабарлама, ұсыну, шешім) ықпал еткен конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде бұзушылық фактілерін анықтаған жағдайда, кез келген уақытта бұзылуы мүмкін және міндеттемелер тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік органдардың актілеріне сәйкес 10 жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазымен шарт жасалады.
- . Шарт тараптардың келісімі бойынша, оны одан әрі орындау мақсатсыз болған жағдайда бұзылуы мүмкін. Хабарламада Шартты бұзу себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шартты бұзу күшіне енген күні көрсетіледі.
- Шарттың қолданылу мерзімі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың, ведомствоаралық комиссиялардың үш және одан да көп актілерімен расталған тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың жүйелі түрде бұзылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 285 бірлескен бұйрығына сәйкес халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшілері өрескел бұзушылықтарды қайта анықтаған жағдайда ұзартылмайды. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде Өнім берушіге Шарттың бұзылу күніне дейін жұмсалған нақты шығындар үшін ғана ақы төлеуді жүргізеді.
9Хабарлама
- Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс бойынша не веб-портал арқылы жіберіледі.
- Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) осы күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты күшіне енеді.
10Форс-мажор
- Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапкершілікте болмайды.
- Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.
- Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар соғыс қимылдарын, табиғи немесе дүлей апаттарды және басқа да жағдайларды қамтуы мүмкін.
- Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуі тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.
Осы құжат «Электрондық құжат1ж1әнДе аэлуелкытромндәысқелциефлрелрыдқіқошлтеашңбуа туралы» Қазақстан
- Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.
- Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
12 Өзге де шарттар
- Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
- Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
- Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі жағдайындажәне басқа да жағдайларда жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге:
- Тараптардың өзара келісімі бойынша Тапсырыс берушінің мәзірін жақсарту (тамақтану рационын ұлғайту) және тиісінше өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да жағдайлардың өзгермеуі шартымен тараптардың өзара келісімі бойынша шарт сомасын ұлғайту бөлігінде;
- Шартта көрсетілген қызметтер бірлігі үшін бағаның өзгермеуі жағдайында көрсетілетін қызметтер көлемінде қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты (мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақпен қамтамасыз етілетін білім алушылардың санына байланысты) Шарт сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде;
- егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау процесінде көрсетілетін қызмет бірлігі үшін бағаның өзгермеуі жағдайында онымен жасасқан Шарттың мәні болып табылған анағұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамасын ұсынған жағдайда рұқсат беріледі.
Осы Шартқа енгізілетін басқа да өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс.
- Шарт бірдей заңды күші бар, веб-портал арқылы жасалған қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
- Шартта реттелмеген бөлік бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
13 Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші:
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Акмолинская область, Сандыктауский район, с.Балкашино, ИМЕНИ АБЫЛАЙ-ХАНА, 120
БСН 060140008247 БСК KKMFKZ2A
ЖСК KZ26070102KSN0301000
"ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитеті" РММ Тел.: 87164092937
Басшысы Абенова Арай Оралтаевна
Өнім беруші:
"Кооператор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Акмолинская область, Сандыктауский район, с.Балкашино, Ленина, 57
БСН/ЖСН 980840001366 БСК HSBKKZKX
ЖСК KZ596010321000007556
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Тел.: 81764091775
Басшы Килкариди Георгий Николаевич
Аббревиатураларды таратып жазу: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; БСК – банктік сәйкестендіру коды; ЖСК – жеке сәйкестендіру коды; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы; Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты
2024-01-05 17:16:17
Абенова Арай Оралтаевна "Ақмола облысы
білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"
2024-01-05 17:57:44
Килкариди Георгий Николаевич "Кооператор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Товарищество с ограниченной ответственностью "Кооператор"
1-қосымша
Сатып алынатын тауарлар (көрсетілетін қызметтер, жұмыстардың) тізімі
Электрондық конкурстың №:
Электрондық конкурстың атауы: Решение о проведении государственных закупок
Лоттың
№
|
Тапсырыс беруші атауы
|
Атауы
|
Қысқа сипаттама
|
Қосымша сипаттама
|
Өлшем бірлік
|
Саны, көлемі
|
Бірлік бағасы, тенге
|
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі
|
Шарт бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі
|
Жеткізу орндар
|
Аванс төлемінің мөлшері
%, %
|
Жалпы сома, тенге
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
082-015-163 : Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары
|
Услуги по организации обеспечения питания детей из малообеспеченных семей обучающихся в организациях образования Сандыктауского района
|
|
|
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
Услуги по организации обеспечения питания детей
|
Услуги по организации обеспечения питания детей
|
Услуги по организации обеспечения питания детей из малообеспеченных семей обучающихся в организациях образования Сандыктауская СШ
|
Бір қызмет
|
1
|
4 080
000.00
|
ішінде 2024 жылғы
|
ішінде 2024 жылғы
|
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Сандықтау а. ҚАЗАҚСТАН,
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Сандықтау
а., (1)
|
0
|
4 080
000.00
|
|
|
|
|
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
Услуги по организации обеспечения питания детей
|
Услуги по организации обеспечения питания детей
|
Услуги по организации обеспечения питания детей из малообеспеченных семей обучающихся в организациях образования Максимовская СШ
|
Бір қызмет
|
1
|
1 020
000.00
|
ішінде 2024 жылғы
|
ішінде 2024 жылғы
|
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Максимовка а.
ҚАЗАҚСТАН,
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Максимовка а., (1)
|
0
|
1 020
000.00
|
|
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
Услуги по организации обеспечения питания детей
|
Услуги по организации обеспечения питания детей
|
Услуги по организации обеспечения питания детей из малообеспеченных семей обучающихся в организациях образования Лесная СШ
|
Бір қызмет
|
1
|
5 100
000.00
|
ішінде 2024 жылғы
|
ішінде 2024 жылғы
|
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Лесное а. ҚАЗАҚСТАН,
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Лесное а.,
(1)
|
0
|
5 100
000.00
|
|
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
Услуги по организации обеспечения питания детей
|
Услуги по организации обеспечения питания детей
|
Услуги по организации обеспечения питания детей из малообеспеченных семей обучающихся в организациях образования Балкашинская СШ
№2
|
Бір қызмет
|
1
|
8 287
500.00
|
ішінде 2024 жылғы
|
ішінде 2024 жылғы
|
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино а.
ҚАЗАҚСТАН,
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино а., (1)
|
0
|
8 287
500.00
|
|
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
Услуги по организации обеспечения питания детей
|
Услуги по организации обеспечения питания детей
|
Услуги по организации обеспечения питания детей из малообеспеченных семей обучающихся в организациях образования Каменская СШ
|
Бір қызмет
|
1
|
1 912
500.00
|
ішінде 2024 жылғы
|
ішінде 2024 жылғы
|
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Каменка а. ҚАЗАҚСТАН,
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Каменка а.,
(1)
|
0
|
1 912
500.00
|