«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лесное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Лесное селосының жалпы білім беретін мектебі» КММ мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес көрсетіледі; «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен бекітілген Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтер. 

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін онлайн алу үшін: 

  1. Порталға кіріп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз.
  2. Өтінішті толтыру және оған ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қою (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті);
  3.  Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өтініш берушінің қызмет көрсету нәтижелерімен танысу.

Көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызметті алу кезінде (қағаз жүзінде) мынадай құжаттар қажет:

  1. Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды беру ережесіне сәйкес нысан бойынша негізгі орта, орта білім беру ұйымы басшысының атына өтініш, 1-қосымша;
  2. туу туралы куәлік немесе жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  3. білімі туралы құжаттың тегі өзгерген немесе бүлінген кезде білімі туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қарайды, дайындайды және негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттың түпнұсқасын, не бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

    Ал өтініш портал арқылы берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орнын көрсете отырып, білімі туралы құжаттың түпнұсқасының дайындығы туралы хабарлама, не бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар:

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің «Жеке кабинеті», (анықтамалық қызметтері), сондай-ақ (Бірыңғай байланыс орталығы) «1414», немесе

8-800-080-7777 байланыс телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында, материал «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Лесное селосының жалпы білім беретін мектебі» КММ сайтында, ақпараттық стендтерде және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Электрондық пошта мекенжайы : lyu-erke@yandex.kz,.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша 87164097198 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Жұмыс кестесі:

Көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

                                                                                                                         Ерке Л. В.

                        «Лесное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры


 

Жаңартылған күні: 31.01.2024 13:29
Құрылған күні: 01.02.2024 09:34

Текст