«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лесное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

 

2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

  1. Жалпы ережелер

  1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін" КММ. Заңды мекенжайы Лесное ауылы, мектеп көшесі, 1.

  2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

  Сандықтау ауданында білім беру саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

       «Лесное ауылының жалпы орта білім беретін» КММ 35 қызмет көрсетілді;

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 6 ;

        электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 25;

        қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-4.

     Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

  3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";

  "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну";

  "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою";

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

  2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат «Лесное ауылының жалпы орта білім беретін» КММ http://sc0007.sandyktau.aqmoedu.kz/  интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. «Лесное ауылының жалпы орта білім беретін» КММ нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.

  3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

  2022 жылы БАҚ және әлеуметтік желілерде аудандық "Сандықтау өлкесі" газетінде  мақала жариялап,  тікелей эфир өткізді.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

  2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

  Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  1.   Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкесбілім беру ұйымында бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.    2023 жылы «Лесное ауылының жалпы орта білім беретін» КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Мектеп директоры:                                                                           Ерке Л.В.

 

 

 

 

 

 

   Орынд. Ерке Л.В.

Тел.: 87164097198 «Лесное ауылының жалпы орта білім беретін» КММ

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 27.02.2023 17:54
Құрылған күні: 27.02.2023 20:57

Текст