«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лесное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есепті жария талқылау «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

27.02.2026

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Заңды мекенжайы: Лесное ауылы, Мектеп көшесі, 1.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
           Сандықтау ауданында білім беру саласы бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы «Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тарапынан 65 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 қызмет;

электрондық форматта – 18 қызмет;

қағаз түрінде – 47 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
          Білім беру саласындағы  сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Балаларды 10-сыныпқа қабылдау және құжаттарын қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарына қабылдау және құжаттарды қабылдау»;

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсету»;

«Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау және құжаттарды қабылдау».

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары:
          Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат «Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің http://lesnoeschool-71.edu.kz// ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Онда мемлекеттік қызмет көрсету талаптары мен ережелері көрсетілген.Сонымен қатар, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету талаптары мен ережелері орналастырылған. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
          Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында жүзеге асырылады.
«Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тарапынан нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар(түсіндіру жұмыстары,семинарлар,кездесулер,сұхбат және басқалары):
          "2025 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету туралы мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде, атап айтқанда https://www.instagram.com/lesnoe_sand_mektep, https://www.facebook.com/ парақшаларында, сондай-ақ мектептің ресми сайтында жариялан.

Сонымен қатар төмендегі мемлекеттік қызметтер бойынша тікелей эфирлер өткізілді: «Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау». «Мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекке қою». «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау (қабылдау және есепке алу)». «Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау және қабылдау (оқуға қабылдау)».

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:
          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің АРМ ММ ҚР БҒМ жүйесі жұмыс істейді, онда 4 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
          Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 1 қызметкер көрсетеді, ол қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат:
          2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.
          Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру жөніндегі бекітілген жоспарға сәйкес бақылау іс-шаралары жүргізілді.Бақылау барысында жекелеген сәйкессіздіктер анықталып, тексеру барысында жойылды. Жалпы алғанда, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы және негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.
          2025 жылы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң бұзушылықтарға жол бермеу шаралары қабылдануда.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2026 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2026 жылы «Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

 

 

Просмотров: 79


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст