«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лесное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

29.09.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Лесное селосының жалпы білім беретін мектебі»
 коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылында Қамқоршылық кеңесі құрамының өкілеттігі тоқтатылғаны туралы хабарлайды және жаңа Қамқоршылық кеңесі құрамның сайлануы қажеттігі туралы хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамына енетіндер:

1) осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) - 11 адамнан аспайды;

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) - 1 адам;

3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және / немесе Құқық қорғау органдарының өкілдері-1-3 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері-1-2 адам; 5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) - 1-2 адам;

6) Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;

7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері - 1-2 адам.

Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдауды «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Лесное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құрған комиссия Ақмола облысы Сандықтау ауданы Лесное ауылы, Мектеп-1 көшесі мекенжайы бойынша жүргізеді. Эл. мекенжайы : lyu-erke@yandex.kz

Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидаттар 2023 жылғы 18 қазанға дейінгі мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Кандидаттар кәсіптік (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтерді ұсынады. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидаттарды іріктеу кезінде білімінің болуы, кәсіби білімі, құзыреттілігі, іскерлік беделі ескеріледі.

 

 

 

 

Просмотров: 2911


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст