25.01.2020
«Барлығының назарына! Интернетті өшіріп қойыңыздар».
Бүгін әр ата-анаға баланың смартфоннан немесе планшеттен оңайлықпен бас тартпайтындығы белгілі. "Тағы 5 минут, сосын болды!", "Мен тек жаңа ғана қарай бастадым ғой!" деген сөздер күнделікті шындыққа айналды.Балалармен келісу әрекеті бұзылған көңіл-күйге әкеледі.Дүниежүзілік статистика бойынша халықтың шамамен 50% қандай да бір әлеуметтік желіде, ал кейбіреулері бірден барлық әлеуметтік желіде сайтқа тіркелген.
Интернетке тәуелділіктің алдын алу,Интернетті пайдалану мәдениетін арттыру,кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2020 жылғы 26 қаңтарда халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLINE (оффлайн)" атты республикалық кең ауқымды балалар акциясын өткізуге бастамашылық етеді.
Іс-шара оқушыларды смартфондардан,компьютерлерден және жаһандық желіден аыстауға,бұл күнді тек қана"шынайы" әлемде өмір сүруге,жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектеседі.Құрметті ата-аналар, біздің акцияға қосылыңыздар!26 қаңтарда үйде интернетті өшіріңіз,осы күні бірлескен іс-шараларды,серуендер мен ойындарды жоспарлаңыз және оны балаңызбен жанды қарым-қатынаста өткізіңіз!