Текст
Жаңа жыл- кез келген жастағы әр адам үшін сиқырлы уақыт. Бұл мерекені жыл бойы барша жұрт асыға күтуде. Жаңа ағаштың иісі, қар, Аяз Атаға деген сенім, әдемі костюмдер, бақытты адамдар — осының барлығы Жаңа жылда ғана болады. Мектепте Жаңа жылдың жақындауы алдын ала сезіледі. Желтоқсан айының бірінші күнінен бастап мектеп ауласында оқушылар, педагогтар, ата-аналар қар қалашығын салуды бастайды. Жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі түрде мектепте ең үздік қар мүсініне конкурс жарияланады.