Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара.
Қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды, патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында Лесной орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты зияткерлік-танымдық ойын өткізілді. Бұл еліміздің азаматтары үшін ерекше күн. Мектеп кітапханашысы Н.Л.Антонова тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды.Оқушылар үш топқа бөлініп, қажетті секторды таңдап, сұрақтарға жауап беріп ,ұпай жинап отырды. Ойын соңында әр команданың балдары саналып, жеңімпаз анықталды.Ең үздік команда «Туған өлкенің үздік білгірлері» грамотасымен марапатталды.Іс-шараны өткізу барысында оқушылар өз білімдерін көрсетті, мерекенің шығу тарихымен, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерліктерімен танысты.