2019 жылы 18 қарашада Лесной орта мектебінде медицина қызметкері бастауыш сынып оқушыларымен оқушылардың дұрыс тамақтану туралы әңгіме өткізді.
Бұл әңгімелердің мақсаты - балалардың денсаулығын сақтаудағы және одан әрі дамытудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы. Оқушылар тамақ өнімдерінің пайдасы мен зиянын белсенді талқылап, өз пікірлерін айтты. Сонымен қатар мектепте «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты стенд ресімделді. Теңгерімді тамақтану - мектеп жасындағы балалар үшін осы кезеңдегі өсу мен даму ерекшеліктеріне байланысты, сондай-ақ қарқынды оқу жүктемесіне байланысты ерекше маңызы бар. Оқушылардың рационалды тамақтануын ұйымдастыру олардың денсаулығын және мектепте оқытудың тиімділігін қолдаудың негізгі факторларының бірі болып табылады.