Экологиялық білім апталығының 3-інші күні –- конкурстық күн.
Өткізу түрі: жоғары сынып оқушылары іс-шара дайындайды және бастауыш сыныптарында өткізеді. 11 сынып оқушылары бастауыш сынып оқушылары үшін Қызыл кітап беттерінен виртуалдық саяхат дайындады. Оныншы сынып оқушылары 7 сынып командалары арасында экологиядан брейн-ринг өткізді. Ал 9-ыншы және 8-інші сыныптар 6-ншы және 5-інші сынптарда экологиялық викториналар өткізді. Коррекциялық түзету сынып оқушылары үшін 3-інші сынып командасымен бірлескен «Ғажайып алаңы» атты интеллектуалды-танымдық ойын өтті.Бұл күні ешкім шет қалған жоқ,балалар конкурстарға қатысып,әртүрлі қиын деңгейлі сұрақтарға жауап беріп,кезеңнен кезеңге өтіп, экологиялық жағдайларды қарастырды. Балалар бұл күні қоршаған орта жайлы көптеген білім алып,көңілді эмоцияда болды.