Мұражайға саяхат
Көктемгі каникул кезінде Лесной орта мектебінің оқушылары үшін ауданымыздың өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды.28 наурыз күні балалар Балкашино поселкесіндегі мұражайға, ал 29 наурызда Максимовка селосындағы мұражайға барды.Мұражай қызметкерлері балаларға туған өңіріміздің тарих беттерінен қызықты мәліметтер берді.Балалар зор қызығушылықпен қолданудан шыққан тарихи экспонаттарды қарастырып,оның не үшін қолданғандығы жайлы болжамды өз ойларын айтып,қолданбалы өнер залына қойылған біздің ауданымыздың шеберлерінің қолынан шыққан жұмыстарымен таңдана танысты.Мұражайдағы қолтаңба кітабына өздерінің алғыс сөздерін қалдырып,шығармашылық табыс,гүлдене беруін тілеп,балалар мұражайға тағы да келетіндерін,өздерімен достарын еріте келетіндерін айтып, мұражай қызметкерлерімен қоштасты. Әрине,жақын орналасқан сауықтыру кешеніне соқпай кету мүмкін емес!Балалар бассейнде шомылып,шаршаса да,көңілді өткен саяхатқа риза болып,үйлеріне қайтты.