«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лесное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанда көктемнің алғашқы күні мерекемен – Алғыс айту күнімен басталады.

04.03.2019

Қазақстанда көктемнің алғашқы күні мерекемен – Алғыс айту күнімен басталады.

1 наурызда Лесной орта мектебінде Алғыс айту күніне арналған жалпы мектепшілік іс-шара өтті.Шараның басты мақсаты – көпұлтты Қазақстан жерінде жалпы халықтардың тарихы, бірлесе көтерген қиын өмір жолдары туралы естеліктері, қазақ халқының және басқа да этностардың бір-біріне деген қолдауының арқасында келісім мен бірлікті нығайту. Аталған іс-шара сынып сағаттарынан басталды.Сынып сағаттарына XX ғасырдың саясатымен жер аудару,депортациялау және репрессияға ұшырау нәтижесінде Қазақстан туған Отаны болған, қазіргі кезде біздің селолық округтерінің тұрғындары,неміс,корея,шешен этностары өкілдерінің отбасылары қонаққа шақырылды.Қонақтар мен оқушылардың назарына сол кездегіқайғылы тарих туралы деректі фильмнен бейне үзінділер, Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXII сессиясының ашылуында сөйлеген Н.Ә Назарбаевтың біздің елімізге көптеген халықтардың депортацияланғаны туралы оқиғаны еске алып, Қазақстанда Алғыс айту күнін бекітуді ұсынды және 1 наурыз Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылған күнінде осы мереке аталып өттеді. Қонақтар оқушыларға өздерінің ата-аналарының бастарынан кешкен қайғылы естеліктерін,қазақ халқының олардың отбасына қалай көмек бергені туралы,қазақтардың арқасында өмірлерін сақтап қалғаны жайлы көздеріне жас алып,әңгімелеп берді. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Бұл мереке өте маңызды мереке,себебі өскелең ұрпақты басқаның қайғысымен бөлісе білуге,мейірімділікке тәрбиелейді. Алғыс айтудың өзі – адамдар арасындағы іскерік , достық байланыс. Адам шын жүректен екінші бір адамға алғыс айтса,олардың арасында бір байланыс пайда болады және оны жай ғана үзе салуға болмайтын күш пайда болады.

Лесной орта мектебі директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Алёна Архипова.

                      

                      

Просмотров: 570


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст