Текст
АМКОР. БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН. БІРТҰТАС ТӘРБИЕ. Көктем – туған ауылыңның үйін, ауласын, көшелерін жаңартып, ретке келтіретін мезгіл.
«Лесное – біздің ортақ үйіміз» болғандықтан, ауылды көгалдандыру мен қоқыс пен былтырғы жапырақтардан тазартуға әрбір ауыл тұрғыны өз үлесін қоса алады.
7-сынып оқушыларының бастамасымен қолға алынған акцияның мақсаты – ауылымызды көріктендіру ғана емес, бірлік рухын қалыптастыру, өскелең ұрпақты табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, ауыл тұрғындарының назарын көшенің ластану мәселесіне аудару.