Текст
Экологиялық білім апталығы. 2-нші күн – шығармашылық күн.
Бұл күні мектептегі барлық іс-шаралар оқушылардың бойына әсемдік сезімі мен табиғатты қорғауда жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды. 1-4 сынып оқушылары «Сүйікті жануарлар», «Қызыл кітаптағы жануарлар» тақырыбы бойынша сурет көрмесін ұсынды. Орта буын оқушылары туған өлкенің табиғаты туралы фотосуреттер презентациясын ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары «Экология жайлы неге барлығы білуі керек?», «Егер мен еліміздің бас экологы болсам …» тақырыптары бойынша эссе байқауына қатысты.