Бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету шарты
Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Ақмола облысы №12 2024-01-05
Басшысы атынан әрекет ететін бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережелер негізінде әрекет ететін Абенова Арай Оралтаевна бір тараптан және Басшысы атынан әрекет ететін бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын "Белгі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екінші тараптан Устава негізінде әрекет ететін Лемешевский Виктор Валентинович, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және 2024-01-04 № 11201123-ЗЦП1 Бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
1 Ұғымдар мен айқындамалар
1.1 Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:
- мердігер/орындаушы – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
- қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Орындаушымен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
- объекті – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жұмысты орындауға жататын деп анықтаған және Орындаушы Шартта көзделген түрде Тапсырыс берушіге беретінғимарат, құрылыс;
- учаске – Объектінің жұмыстарды орындауға немесе жұмыстарды өндіруге бөлінген аумақ;
- уақытша құрылымдар – Объектінің жұмысын орындау үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің жұмысы орындалғаннан кейін Орындаушы алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар.
2 Шарттың мәні
- Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты (жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) қабылдауға және Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндетті:
ерекшелігі бойынша 082-015-159 Услуги по обслуживанию видео наблюдения в школах Сандыктауского района;
- Жұмыстар - Сандықтау ауданы мектептерінің бейнебақылау жүйелеріне қызмет көрсету Жобасы бойынша орындалады, онда бар. Бас жобалаушы - .
- Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан
- осы Шарт;
- лоттар тізбесі және жұмыстарды орындау шарты (1-қосымша);
- техникалық ерекшелігі (2-қосымша);
3 Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
- Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшамен анықталады және 990 000.00 (тоғыз жүз тоқсан мың тенге нөл тиын) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығыстарды, ҚҚС-сыз
- Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт
082 Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру бюджеттік бағдарламасы, 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен кіші бағдарламасы, 159 Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу ерекшелігі бойынша - 990 000.00 (тоғыз жүз тоқсан мың тенге нөл тиын) ҚҚС есепке алмағанда 2024 жылы тіркеуге жатады.
- Орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді Тапсырыс беруші Тараптар Орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Орындаушының іс жүзінде есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен төлейді.
- Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада айтылған.
- Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
- аумақтық қазынашылық органында тіркелген Шарт;
- орындалған Жұмыстардың актісі;
- мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп;
- Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, электрондық шот-фактура.
4 Тараптардың міндеттемелері.
- Орындаушы:
- Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
- Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде 29 700.00 теңгеге тең Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және 0.00 теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, міндеттенеді, бұл жалпы алғанда мынадай 29 700.00 (жиырма тоғыз мың жеті жүз тенге нөл тиын):
әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша; не:
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
не:
шарттың орындалуын қамтамасыз ету (авансты қамтамасыз ету) мақсаттары үшін, «Өнім берушОісныіңқұажзаатм«аЭтлтеыктқр-оқнұдқыықққтұыжқатжжаәунаепэклеекртшроілндігыіқнцсиафқртлаынқдқыолртуадңыбаңтүурлаглілыі»кҚшазаарқсттыанн бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 206 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) бекітілген, өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартқа сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын электрондық құжат нысанында не қағаз тасығышта ұсынылады.
Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) веб-порталда оның электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз тасығышта ұсынған кезде түпнұсқа тапсырыс берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін ұсынылады.
Тапсырыс беруші сақтандыру шартын алу фактісін қағаз тасығышта өнім берушінің азаматтық- құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналында тіркейді.
Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
- Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын Жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
- Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
- Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
- Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
- Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс- әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді
- Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстардағы жергілікті қамту туралы есепті ресімдеуге және жіберуге;
- Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді
- Орындаушы:
- Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;
- Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы;
4.3 Тапсырыс беруші:
- Жұмыстарды орындау үшін Орындаушы мамандарының кіруін қамтамасыз етуге;
- орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуін анықтаған кезде дереу жазбаша Орындаушыны хабардар етуге;
- Жұмыстарды қабылдау кезінде веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 546-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға
- орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда Орындаушы жазған шот-фактураны қабылдауға;
- осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
4.4 Тапсырыс беруші:
- орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;
- Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.
5 Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру
- Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау- сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Орындаушы тартады. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Орындаушыны жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.
- Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.
- Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, Орындаушы тексеру сәтінен бастап он жұмыс күндер ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
- Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілетін болады.
- Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Орындаушыны Шарт бойынша басқа
міндеттемелерден босатпайды.
6 Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі
- Жұмыс орындалды деп саналады Орындаушының Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда орындалды деп саналады.
- Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
- егер жұмыстар қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса, онда «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген «СТ-KZ» Тауардың шығарылған елі туралы сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі ұсынылады;
- егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіппен шығарылған елдің тиісті органы берген тиісті Тауардың шығарылған елі туралы сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.
Осы тармақтың талаптары құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға ғана қолданылады.
7 Кепілдік. Сапа
7.1 Орындаушы Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау нәтижелерінің техникалық ерекшеліктерге сәйкес болатынына, Жұмыстардың оның сапасын техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгерістерді қамтитын Жұмыстар ақаулы деп танылады.
Мердігер (қосалқы мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Орындаушы беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Орындаушы материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды береді.
7.2 Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті мерзіміне береді.
7.3 Мердігер/Орындаушы орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Орындаушы өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Орындаушы жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
8 Тараптардың жауапкершілігі
- Тараптар өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
- Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды есептемегенде, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты Орындаушыға Шартпен қаралған мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Орындаушығакешіктірілген әр күн үшіншарттың тиесілі сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10%артпауы тиіс.
- Жұмыстарды орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда Тапсырыс беруші Орындаушы міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалады (өндіріп алады) немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалады (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 % артық болмауы тиіс.
- Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолдануы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда, Орындаушыдан мерзімін кешіктірген әр күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіре отырып, осы Шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқығы бар.
Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құны үшін төлем жүргізеді.
- Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) төлеуосы Шартта көзделген міндеттерді орындаудан Тараптарды босатпайды.
- Кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуіне де сәйкес түрде түзетулер енгізіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Орындаушылардың түзетулерді жүргізу туралы барлық сұранымдары Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
- Орындаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз біреуге не толық, не ішінара беруіне рұқсат етілмейді
- Тапсырыс беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген болса) Мердігердің/Орындаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты ол бұзылған жағдайда қайтармайды.
- Тапсырыс беруші енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Мердігер/Орындаушы Шарттың қолданылу кезеңінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда Мердігерге/Орындаушыға қайтарады.
9 Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
- Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін күннен бастап күшіне енеді және 2024-12-31 жылға дейін қолданылады.
- Мынадай оқиғалар өзінен кейін олардың ұлғаюы бөлігінде:
- Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.
- Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн жұмыстарды тоқтатуға Орындаушыға нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзiміне қосылады;
- Егер басқа тарап Шарттың талаптарын Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратындай елеулі бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс берушi немесе Орындаушы Шартта көрсетiлген мерзiмге дейiн Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі бұзу өзіне мыналарды қамтиды, бiрақ тізбеленгенмен шектелiп қалмайды:
- егер Орындаушы Жұмыстарды орындау мерзiмiн бiрнеше рет бұзса, Тапсырыс берушi Шартты бұза алады;
- Орындаушы күнге дейiн Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте тоқтатуға Тапсырыс берушiнiң рұқсаты болмаса;
- Орындаушы Тапсырыс берушi айқындаған негiзделген уақыт кезеңi iшiнде Тапсырыс берушi көрсеткен Ақауларды жоймаса;
- Тапсырыс берушi Орындаушыға Жұмыстар барысын кiдiртуге нұсқау берсе және осындай нұсқау күн iшiнде күшiн жоймаса;
- не Тапсырыс берушi, не Орындаушы оның қайта ұйымдастырылуын немесе бiрлесуiн қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бiр себептермен таратылса;
- Орындаушы жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу қағиадаларын, нұсқаулықтары мен ережелерiн ескермейтiн болса.
- Шарт, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

ШартОсжыоқғұажраыт «дЭалеккөтрроснедтыіқлқгұежнатжжаәнғедаэляеткттраорндсыеқбцеибфірнлеынқ қжолотйаңыбла ғтаурналкые»зҚдаеза, қОстранындаушы Шарт
бойынша бұзуға байланысты оны бұзу күніндегі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
- Мына фактiлердiң бiрi анықталған жағдайда:
- оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердiң бұзылуы;
- сатып алуды ұйымдастырушы Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;
- Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген шектеулер бұзылса;
- Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
- Егер Шарт бұзылса Орындаушы дереу жұмысты тоқтатады, Объектiнi консервациялауды қамтамасыз етедi және белгiленген тәртiппен оны Тапсырыс берушiге береді
- Егер Орындаушың Шарт талаптарын елеулі бұзуы себебiнен Шарт бұзылатын болса, Объектiдегi барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушiнiң меншiгi болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешiлгенге дейiн оның билiгiнде болады.
10 Хабарлама
- Бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама Шартқа сәйкес төленген тапсырыс хатымен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс бойынша не веб-портал арқылы жіберіледі.
- Күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
11 Форс-мажор
- Егер дүлей апат, әскери iс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс- мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді орындау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме жасауға құқығы жоқ.
- Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық дәлелдерді одан алуға құқығы бар.
- Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейiн қысқа мерзiмде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.
![]() |
12 Даулы мәселелерді шешу
- Тапсырыс беруші мен Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
- Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Орындаушы бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
13 Басқа да шарттар
- Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
- Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқан нысанда жасалады.
- Орындаушының таңдауы үшін негіз болып табылатын сапаның өзгермеуі мен басқа жағдайларда жасалған Шартқа:
- Шарт бойынша бір Тараптың міндеттемелерін беруге екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
- веб-портал арқылы жасалған Шарт, бірдей заңдық күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
- Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
14 Реквизиттер
Тапсырыс беруші:
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Акмолинская область, Сандыктауский район, с.Балкашино, ИМЕНИ АБЫЛАЙ- ХАНА, 120
БСН 060140008247 БСК KKMFKZ2A
ЖСК KZ26070102KSN0301000
"ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитеті" РММ
Тел.: 87164092937
Басшысы Абенова Арай Оралтаевна
Өнім беруші (Өнім беруші ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шартын жасасқан кезде қаражат алушы): "Белгі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Акмолинская область, Сандыктауский район, с.Балкашино, Абая, 115 БСН/ЖСН 000240004544
БСК HSBKKZKX
ЖСК KZ966017321000000623
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Тел.: 87164092440
Басшысы Лемешевский Виктор Валентинович
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; БСК – банктік сәйкестендіру коды; ЖСК – жеке сәйкестендіру коды; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты
2024-01-05 15:43:15
Абенова Арай Оралтаевна "Ақмола облысы
білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"
2024-01-05 16:26:30
Лемешевский Виктор Валентинович "Белгі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Товарищество с ограниченной ответственностью "Белгі"

1-қосымша
Сатып алынатын тауарлар (көрсетілетін қызметтер, жұмыстардың) тізімі
Электрондық конкурстың №: 11201123-1
Электрондық конкурстың атауы: Объявление о государственных закупках
|
Лоттың № |
Тапсырыс беруші атауы |
Атауы |
Қысқа сипаттама |
Қосымша сипаттама |
Өлшем бірлік |
Саны, көлемі |
Бірлік бағасы, тенге |
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі |
Шарт бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі |
Жеткізу орндар |
Аванс төлемінің мөлшері %, % |
Жалпы сома, тенге |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
|
082-015-159 : Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу |
Услуги по обслуживанию видео наблюдения в школах Сандыктауского района |
|
||||||||||
|
65717121-ЗЦП1 |
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Работы по ремонту/модернизации компьютерной/периферийной оргтехники/оборудования |
Работы по ремонту/модернизации компьютерной/периферийной оргтехники/оборудования и их частей |
Обслуживание систем видеонаблюдения 26 школ 2024 жыл |
Жұмыс |
1 |
990 000.00 |
ішінде 2024 жылғы |
ішінде 2024 жылғы |
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино а. Сандықтау ауданы Балкашино селосы, Абылай хан көшесі 120 үй (1) |
0 |
990 000.00 |
![]() |
