Текст
Күн көңілді жаттығумен басталды
Күн көңілді жаттығумен басталды. Судағы қауіпсіздік ережелері жайлы әңгіме өткізілді және «Суға кетіп бара жатқан адамға алғашқы көмек» атты тәжірибелік сабақ өтті. Бұл күні балалар орман, гүл, жануарлар, құстар, табиғат туралы жұмбақтар шешті.Балалар табиғат жайында көптеген мақалдар,сонымен қоса орманда өзін ұстай білу жайында әңгімеледі. Олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін өлең оқып, сурет салып, қиялдап көрсетті.