«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лесное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5-інші күн. Бəйшешек күні.

5-інші күн. Бəйшешек күні.

            Бүгін экологиялық білім апталығы аясында , мектепте алғашқы гүлдерді қорғау күніне арналған іс-шаралар өтті. Іс-шаралар мектептік рекреацияда жалпы жиыннан басталып, балалар үшін «Бәйшешек Күні» экологиялық журналмен танысудан басталды.Балаларға әр жыл сайын 19 сәуірде әлемнің көптеген елдерінде  көктемнің әдемі мерекесі- Бәйшешек Күні (The Day of Snowdrop) туралы,  гүл шоқтары үшін адамзат қолынан көптеп жойылатын экологиялық проблема жайлы әңгімеленді. Сондықтан да қазіргі кезде бәйшешектің көптеген түрлері жойылу алдында болғандықтан, олар Қызыл Кітапқа енгізілген.Мектебіміздің «Патриоттар» атты экологиялық отрядындағы балалар барлық оқушылады гүлдерді құшақ-құшақ жұлмауға шақырып,осындай әдемі гүл шоқтарын сатып ала отырып,браконьерлерді келесі жылдары бұдан да көп көлемде гүлдерді жоюуына итермелейтіндері жайлы ескертті. Бұл кішкентай ғана ләззаттан бас тартыңдар,сол арқылы  тірі табиғатты сақтап қалуға көмектесесіңдер!

Одан кейін балалар «Шеберлер қаласы» атты қызығушылық шеберханаларының «Экотолқын», «Бәйшешек Күнімен!» ашықхаттар дайындау шеберлік сыныптарына, «Қағаздан жасалған бәйшешектер» шеберлік сыныптарына,»Ермексаздан жасалған гүлдер» шеберлік сыныптарына, «Алғашқы гүлдер» фейс-арт атты бөлімшелеріне   аттанды.

   

   

   

   

   

Жаңартылған күні: 16.04.2019 11:28
Құрылған күні: 22.04.2019 11:43

Текст